KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Электронды темекі денсаулыққа зиян ба?

10.03.2012, 18:00 281


– Қазір телеарналарда электронды темекілер көп жарнамаланып жүр. Бір жарнамаларда оның денсаулыққа зиянсыздығы туралы айтылады. Электронды темекі деген қандай темекі және ағзаға зиянсыз екені туралы ақпарат ақиқат па?

Мұрат Убайдуллаев

Аягөз қаласы.

Сұраққа облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының «Темекіге қарсы күрес кабинетінің» наркологы Қайрат Нұрғазин жауап береді:

– Электронды темекіні понс-сигара немесе е-сига-рета деп те атайды. Ол кәдімгі темекіге қарағанда ау-ырлау және ұзындау. Ортасына батарейка мен нико-тині бар картридж салынады. Батарейка картриджді қыздырып, никотиннің буы шығады. Бұл бұйымның бағасы арзан емес. Қуат бергіш құрылғысымен бірге 14-35 мың теңге аралығында. Электронды темекілер-ді 2003 жылы гонконгтық Ruyan Group Ltd компаниясы шығарып, патенттеген екен. Сатып алушылар аз болғандықтан маркетологтар тың идея тауып,
бұл темекіні шылым шегуді тастағысы келетіндерге ұсынған. Десе де, мамандар осы электронды темекінің құрамын тыңғылықты зерттеп үлгермегенге ұқсайды. Яғни, жан-жақты зерттеуден өтпей тұрып көпшілікке тарап кеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы электронды темекіні пайдалануға үзілді-кесілді қарсы. Мұндай темекілерде никотиннің мөлшері өте көп болғандықтан, керісінше, адамның ағзасының улануына себеп болады, электронды темекі шылым шегуден бас тарту тәсілі емес, керісінше ол денсаулыққа елеулі нұқсан келтіреді деп есептейді. Сондықтан да құрамы күмәнді темекіге әуес болмаған жөн.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив