KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Қазақстанда астық биыл жетерлік

24.07.2013, 18:00 81


Бұйыртса биыл астықтың астында қалатын түріміз бар. Мамандардың есебінше, осы жылы Қазақстанда шамамен 15 млн. тоннаға жуық астық жиналуы мүмкін. Былтыр бұл көрсеткіш 12,8 млн. тонна болған.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың сөзіне сенсек, биыл әр гектардан 11,6 центнер өнім алу болжанып отыр. Осы ретте АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрлігі әлемдегі ірі астық экспорттаушы ел қатарына енген Қазақстан 2013-2014 жылдары сыртқа 7 млн тонна бидай шығара алатынын мәлімдеп отыр.

Алайда еліміздің Ауыл шаруашылық министрлігі ауа райының қолайсыздығынан дәнді дақылдардың жай пісетінін және диқандар күзгі жиын-терінді бөліп өткізуге дайын болуы керектігін ескертуде.

Қазгидрометтің болжамынша, республиканың астықты өңірлерінде шамамен бір айы бойына жауын-шашын жалғасуы ықтимал.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив