KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

Егін ору науқаны уақтылы аяқталады

24.09.2013, 18:00 167


Шығыс Қазақстан облысында егістіктің 80 пайызы орылып қойды. Облыс диқандары ауа-райының қолайлылығы сеп болған жағдайда кыркүйектің соңына дейін калған егістікті орып, қамбаға толтыруды жоспарлап отыр.

-Қазіргі таңда бидай шығымдылығы гектардан 16 центнер және бұл көрсеткіш төмендемейді,- деп атап өтті өз сөзінде ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Д.М.Селиханов.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда биылғы жылғы бидай шығымдылығы өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мәселен былтыр бұл көрсеткіш гектардан тек 12 центнерді ғана құраған. Бұған біздегі бидай тұқымы сапасының жоғарылығы да, биыл алынған жаңа техниканың әсері бар. Керісінше бидай бағасы 2012 жылмен салыстырғанда күрт төмендеген - бір тонна бидайды диқандар тек 18-20 мың теңгеге сатуда. Диқандар биылғы жылғы бидайдың желімтігі туралы алаңдаушылық білдірген болатын. Жаздың жаңбырлы, салқын болуына байланысты мұндай мәселе жоқ емес. Дегенмен, біздің облысқа жетерліктей жоғары сапалы желімтікті бидай жеткілікті көрінеді. Диқандарды алаңдатқан кезекті мәселе - осы уақытқа дейін «Продкорпорация» АҚ-ы азық-түліктік астықты сатып алу бағасын жарияламай отыр екен. Ал астық сақтау қоймасына келер болсақ, орын жеткілікті.

Дүйсенбай Мағзұмұлы майлы дәнді дақылдардың басқа да түрлерінің ору науқанына тоқталды. Биылғы жылы жарма, бұршақ, қарақұмықтың да шығымдылығы жоғары болмақ. Қарақұмықтан Шығыс Қазақстанда ғана бүкіл республиканың қажеттілігін өтейтін жарма өндіріледі. 24 мың тонна отырғызылған картоп өнімінін жартысынын көбі жиналды. Бұл орайда Шимонаиха, Күршім аудандары картоп өнімінің жоғарылылығы бойынша көш бастап келеді.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив