KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Автомобиль нөмірін ұрлап, ақша талап етеді екен

23.07.2013, 18:00 165


Бұқтырма су қоймасындағы демалыс базаларында көліктердің мемлекеттік нөмірлері жоғала бастады. Бұл келеңсіз жағдай жазғы демалысын жағалауда өткізіп жатқан туристерді біраз алаңдатып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Демалушылардың айтуына қарағанда, белгісіз біреулер көліктердің нөмірлерін ұрлап әкетіп, артынан иесіне kiwi-әмиянға ақша аударуды талап ету арқылы саудалайтын көрінеді. Олардың сұрайтын сомалары 50 мың теңгеге дейін жетіп жығылады екен.

Мұндай әрекет енді ғана туризмді өркендетуге бетбұрыс жасап, алыс-жақыннан туристерді тартуға жете көңіл бөле бастаған біздің өңір үшін бек қолайсыз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив