KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Қарабұлақ ауылында мешіт ашылды

15.07.2013, 18:00 175


Үржар ауданы Қарабұлақ ауылында «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында жаңа мешіт ашылды. Оның құрылысына қол ұшын берген - белгілі спорт комментаторы, жерлесіміз Амангелді Сейтқанов, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шағындау болғанымен әдемі етіп салынған мешіттің құрылысына ауыл тұрғындары Х.Тоқтарбаев, М.Ашақаев, Н.Мұхамадиев, Қ.Шотаев, Ш.Төлебаев, Ш.Әділбеков өзіндік қолтаңбаларын қалдырды. Ғимаратты әрлеп, көз тартарлықтай қалыпқа келтіруге Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Зертас ауылының қолы ісмер азаматтары О.Туғанбаев, К.Нәрікбаев пен А.Серікұлы ерекше үлес қосты.

Ғибадат үйі салынып біткенше қарағандылық Қажымұрат Тәжиев пен Ермек Қараталовтың жарғақ құлақтары жастыққа тимей барлық шаруаны ұйымдастырып, басы-қасында жүрді. Жұрт болып жұмыла атқарған іс сәтімен жүзеге асып, ауылда көз тартарлық көрікті мешіт бой көтерді. Мешіттің ашылуына ауыл тұрғындары молынан жиналды.

Мұратқазы Саябаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив