KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Бастаушы ауылында жаңа мешіт бой көтерді

14.05.2012, 18:00 310


Бастаушы ауылында жаңа мешіт ашылып, оның ашылу салтанатына аймақ басшысы қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бастаушылықтарға арнап кең де жарық, 250 орындық қатымханасы және науқан өткізуге қажетті барлық жабдықтары бар мешіт үйін «Құмаров және компания» ЖШС-нің басшысы Манарбек Құмаров салып берген.

Бұл күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңіріндегі өкіл имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы жаңа мешіттің жаңа имамы Серік Ысқақовты ауыл тұрғындарына таныстырды.

– Егемендігімізді алғалы жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып жатқаны белгілі. Бұл мешіт «Туған жерге – тағзым» акциясы-ның аясында іске қосылды. Алдағы уақытта бұл жер жастарымызды имандылыққа, адам-гершілікке тәрбиелейтін мекенге айналсын. Басқа да азаматтар Манарбектен үлгі алып, игілікті шара жалғасын таба берсін, – деді облыс Әкімі.

Зейнеткер ұстаз Шолпан Азаматқызы алғысын білдірді. Ауыл имамына мешіттің символикалық кілті тапсырылып, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ф.Жақсылықов бата берді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив