KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді

9.07.2013, 18:00 170


Курчатов қаласында жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кезінде әскери бөлімнің штабы орналасқан ғимарат неше жылдан бері қаңырап бос тұрған еді. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен оның күрделі жөндеуіне қаражат бөлініп, бір жылдың ішінде пайдалануға берілді.

Бұл ғимаратқа ХҚКО, әділет басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, жұмыспен қамту, мәдениет, білім, құрылыс және басқа бөлімдер орналасатын болады.

Жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді«Біз қаламыздың әрі қарай дамуын тоқтатпай, Курчатов қаласының әрі қарай гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз, әрі қарай әлеуметтік-маңызды нысандарды қалпына келтіріп, құрылысы жүргізілетін болады. Мемлекет бізге тұрақты және бейбітшілікте өмір сүруіміз үшін барлық жағдайды жасап отыр, біздің міндет – Отанымызды көркейту үшін, оның ішінде туған қаламызды көркейту үшін де барлық күш-жігерімізді жұмсау болып табылады» деді курчатовтықтарға өз құттықтауында қала әкімі Димитрий Гариков.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив