KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстан облысында 61 мектеп ғимараты апатты жағдайда

3.10.2013, 18:00 281


Шығыс Қазақстан облысында 61 апатты мектеп ғимараты бар. ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев интернет-конференция кезінде осындай мәлімет берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

2013 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша облыста 61 апатты білім ошағы тіркелген. 2013 жылы тозығы жеткен осы білім ордаларының орнына 35 жаңа мектептің құрылысы басталған болатын.

Жаңа оқу жылы басталғанша 6 білім ордасы пайдалануға берілді, тағы 5 мектеп ғимараты ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін қолданысқа берілуі тиіс.

Облыс басшысы 2014 жылы жергілікті және республикалық бюджеттің есебінен апатты мектептердің орнына жаңаларын салу жұмыстарының жалғасатынын айтты.

Білім ошақтарының жағдайы облыс әкімдігінің бастамасымен тексеріліп келеді. Бұған дейін мұндай тексерулер жүргізілмепті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив