KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Шығысқазақстандық кәсіпкер бентонит өңдейтін зауыт салуды жоспарлап жүр

3.07.2013, 18:00 193


Шығыс Қазақстан облысы инновациялық технологияларды дамыту жағынан елімізде екінші орында келеді. Өткен жылы осы бағыттағы іс-шараларға барлығы 33,6 млрд. теңге қаржы жұмсалған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгінде Шығыста экономикаға өзгеше серпін әкеліп, еңбек өнімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін осындай инновациялық зерттеу, ғылыми жұмыстарымен екі мыңнан астам адам айналысуда. Индустриялық әлеуеті зор біздің аймақта инновациялық жұмыс-тар көлемі 2009 жылмен салыстырғанда бес есеге көбейіп отыр.

«Биоотын шақпағы», «Жылу сор-ғылары», «Арболитті кірпіштер», «Бентонит ұнтақтары», тат баспайтын берік
құрыш металл бұйымдарын электролитті плазмалық өңдеу тәрізді бірнеше ондаған тың, жаңа жобаларды жасап отырған облыс ғалымдары, өнертапқыштары, кәсіпкерлерімен қоса өздерінің мектеп қабырғасындағы ізденістерінің нәтижесінде өмірге келген физика, информатика саласындағы жаңалықтарын ұсынып жатқан мектеп оқушылары да бар.

Көкейде жүрген армандарын іске асырсақ деп жүрген шығыстық кәсіпкерлердің бірі – «Бентонит и К» ЖШС-нің басшысы Анатолий Семянов. Кәсіпкер Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында бентонит өңдейтін зауыт салуды жоспарлап жүр. Қазір бентонит балшықтары өңделмеген шикізат күйінде Ресейге арзан бағамен сатылуда. Өзіміздің өндіріс орындары, өзге де тұтынушылар өнеркәсіп саласында, мал азығын жасайтын қосымша өнім ретінде ауыл шаруашылығында, бұрғылау жұмыстарында қолданыла-тын бентонит ұнтақтарын шетелден сатып алуда. Тоннасын 500 АҚШ долларына алады. Егер жергілікті жерден өндіріліп жатқан дайын шикізат облыста өңделіп, шығарылатын болса, мемлекет қазынасына түсетін қаржы көбейіп, ауыл тұрғындары жұмыс тауып, өндірісшілер арзан да сапалы отандық өнімге қол жеткізбек.

Өндірістегі инновациялық технологияларды дамыту бойынша өңірде атқарылған тағы бір шаруа – тау-кен,
металлургия өнеркәсібі құрал-жаб-дықтарын жетілдіруге арналған конс-трукторлық бюроның құрылып, нәтиже-лі жұмыс істеп жатуы. Қазір мұнда 46 өндіріс техникасы бойынша жаңа жоба бекітіліп, 36 жаңа техника, құрал-жабдықтардың өндірістік-тәжірибелік үлгісі жасалып шығарылып отыр.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив