KZ
Өскемен
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Адвокаттардың кәсіби этикалық кодексі талқылану үстінде

2.07.2013, 18:00 137


Таяу уақытта адвокаттардың этика туралы жазылмаған ережелері оның нақты қалыбын табуы әбден ықтимал. Қазақстандық адвокаттар қауымдастығы үлгі тұтарлық адвокатты қалыптастыру мақсатында кәсіби этикалық кодексті талқылауға кіріседі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Отандық қорғаушылар өздерінің «Конституцияларының» алтын ережелерін франциялық әріптестерімен, ҚР Жоғарғы сотының, Әділет министрлігінің және Бас прокуратураның өкілдерімен талқыламақ. Осы тақырыпқа арналған «Адвокаттардың кәсіби этикасының негізгі мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы бүгін, 3-шілдеде Астана қаласында ҚР Жоғарғы сотының конференц-залында өтеді.

ҚР республикалық адвокаттар коллегиясы 2012 жылдың 23-маусымында құрылған. Оның құрамына Қазақстанның әр түкпірінен 4 мыңнан астам кәсіби қорғаушы кіреді.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив