KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Өскеменде «Ашық Азия - Ашық мұражай» фестивалі өтеді

21.05.2012, 18:00 77


22-26 мамыр аралығында Өскемендегі облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының Солжағалау кешенінде «Ашық Азия - Ашық Мұражай» атты ІІІ аймақтық Орталық Азия форум-фестивалі өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Орталық Азия мұражайларын дамыту жөніндегі «MUSEUMстан» жобасы аясында өткізілетін фестиваль беделді кәсіби Форумға айналды. Ол тек Азия елдерінің ғана емес, жалпы ТМД елдерінің де мұражай мамандарының қызығушылығын туғызуда. Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстан мен Тәжікстанның 70-ке таяу мұражай мамандары, сондай-ақ Ресей мен Сербиядан сарапшылар қатысады деп күтілуде.

«Ашық Азия - Ашық Мұражай» фестивалі - кәсіби шеберлік мектебі және жетістіктер көрмесі, таңдаулыларды ынталандыру және де жаңадан келген мамандар үшін тәлім алу, кәсіби симпозиум мен жанды қарым-қатынас жасаудың өзіндік бір ортасы деуге болады.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив