KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Қарызға ақша беру шартын нотариалды куәландыру қажет пе?

30.06.2013, 18:00 281


– Қарызға ақшаны берген кезде қарызға беру мәмілесі нотариалды куәландыруды қа-жет ете ме? Егер қарызға беру шарты нотариалды куәландырусыз жасалған болса, онда ертеңгі күні қарызымды қайтара алмайтыным рас па?

Гүлжан Сүлейменова
Өскемен.

Бұл сұраққа жекеменшік адвокаттық кеңсенің заңгері Светлана Артамонова жауап береді:
– Жеке тұлғалар арасындағы қарызға ақша беру туралы мәміле міндетті нотариалды куәландыруды қажет етпейді. Әрине, аталмыш мәмілені нотариуста куәландыруды екі тарап өзара ақылдаса отырып, өздерінің қалауы бойынша жасай да алады. Бірақ, бұл әрекет міндетті емес.

Ақшаны (әсіресе, оның көлемі қомақты болса) қарызға берген кезде азаматтар көбінесе жазбаша қолхаттарды пайдаланып жатады. Алайда, ақшаны қарызға беру кезінде Сіздер мұны жазбаша түрде рәсімдемесеңіз де болады. Дей тұрғанмен, бұл ретте Сізге ақшаны қарызға бергеніңізді дәлелдеу өте қиын болады және соның
салдарынан берген ақшаңызды қайтара алмауыңыз да әбден мүмкін. Сондықтан, ақшаны қарызға берген кезде қарыз беру дерегін жазбаша түрде бекіткен дұрыс.
Ал оның формасы қандай болатынын өздеріңіз келісіп, шешкендеріңіз жөн.

Яғни, қарыз беру-алу фактісін жай қолхат арқылы немесе нотариалды түрдегі қарыз беру шарты арқылы рәсімдеулеріңізге болады.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив