KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Өскеменде жыл бойы жалған хаттамалар толтырып келген патрульдік полицей сотталды

9.06.2016, 18:00 195



Жол көлік ережелерін бұзды деген деген желеумен жалған хаттамалар толтырып келген патрульдік полиция қызметкерінің қылмыстық ісі әшкере болды.

27 жастағы өскемендік полицей өзінің танысына 36 ресей рублі көлемінде қарызға ақша берген. Алайда, танысы қарызды қайтарғысы келмеген сияқты. Бірнеше ай өткеннен кейін полиция қызметкері танысына қарсы «ерекше» іс-қимылға көшеді.

Ол қарыз қайтармай қойған досына бір жыл бойы алты түрлі хаттама толтырыпты. Оның ішінде рульде отырып телефон қолдану, жылдамдықты асыру, кір көлікті пайдалану сияқты "ереже бұзудың" бірнеше түрі бар. Полицей хаттаманың барлығын танысын ұстамай-ақ, сыртынан толтыра берген. Тіпті, құжаттарға да қолды өзі қойған. Ал танысы болса «айыппұлдардың» біразын төлеп те үлгеріпті.

Қылмыстық істің анық-қанығын қараған Өскемен қалалық №2 соты, өз қызметін асыра пайдаланып, қолдан жалған құжат жасаған полицейді кінәлі деп тапты. Оған 850 АЕК көлемінде, яғни 1 684 700 теңге айыппұл салынды. Полицейдің мал-мүлкі тәркіленген жоқ. Алайда, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Дарын Нұрсапаров.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив