KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Қазақ халқының қолөнерін әспеттеген көрме

30.06.2013, 18:00 94


Семей қаласында «Қазақ халқының қолөнер түрлері және ерекшелігі» деген тақырыпта облыстық семинар-көрме өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семинарға облыстың әр ауданынан мәдениет бөлімінің мамандары және қолөнерші шеберлер жиналды. Басқосуда айтылғандай, жергілікті шебер-лердің жасаған бұйымдары күллі әлемнің назарын ауда-руға қауқарлы. Өкінішке қарай, қолөнер шеберлеріне қолдау, көмек жетіспей жатады.

Орталық мәдени саябақта ұйымдастырылған қазақ қолөнерінің көрмесін тамашалағанда, жергілікті қолөнершілердің шынымен-ақ Гиннестің рекордтар кітабына кіруге мүмкіндіктері бар екендіктеріне көзіміз жете түсті.

– Мен өзіме естелікке бір бұйым алдым, – дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Гүлзада Сейтқазина, – көрмеге қойылған дүниелер өте жоғары деңгей-де екен. Егер осындай талантты адамдарға қаржылай қолдау көрсетсек, игі іс болар еді.

Әрине, көнеден келе жатқан қолөнерді жаңғырту оңай шаруа емес. Шеберлік сағаттарын ұйымдастыру арқылы осы проблемаларды шешуге әбден болады. Осындай бірнеше сабақтар көрме барысында да берілді. Шиден кілем, алаша тоқуға қызыққандар барып үйреніп жатты. Ал Күршімнен келген Күлімхан Әділбекова қолөнермен бала кезінен айналысады екен. Осыдан 40 жыл бұрын өз жасауына тіккен жастық қабы әлі күнге дейін сақталған.

Бүгінде ол мектепте сабақ береді. Қыз балаларға алаша тоқуды, киім тігуді үйретеді. Оқушыларының көпшілігі гобелен жасапты. Шығыс Қазақстан шеберлерге бай өлке екендігін көрме бірден байқатты. Оларға қаржылай көмекпен бірге, өздерінің бұйымдарын саудалайтын осындай саябақ сияқты арнайы орындар да қажет. Мұндай ғажайып көрмелерді апта сайын ұйымдастыруға болады. Халықтың көзі үйреніп, құлағы қанықты болса, шетелдің арзанқол бұйымдарынан гөрі өзіміздің бағалы әрі мазмұнды ұлттық дүниелерімізді пайдаланады.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив