KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
475.18 510.72 5.47

Балалар үйлерінің түлектерін жұмыспен қамтиды «Қазцинк»

23.12.2013, 18:00 65



Балалар үйлерінің түлектері «Қазцинк» кәсіпорнының оқыту орталықтарында жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жатыр. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік одан әрі оларды жұмысқа орналастырумен де айналысатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алдымен кәсіпорын мамандары жеткіншектермен әңгімелесіп, өздерінің жұмыс орындарымен, ұжымдарымен таныстырып, мамандық таңдауларына бағыт-бағдар беруде.

Мысалы, Өскемендегі «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері осы кәсіпорында бірнеше рет болып, көптеген цехты аралап, ондағы металлургтердің күнделікті атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, қалаған мамандықтары бойынша білім алуға ықыластарын білдірді. Оқыту орталығында жұмысшы мамандығының жүзге тарта түрі бойынша маман даярлайды.

Жеткіншектер мамандық алып шыққаннан кейін жұмысқа орналасуларына жағдай жасалады.

Бұл күндері «Қазцинк» ЖШС балалар үйлерінің 50 тәрбиеленушісін әлеуметтік патронаттық қамқорлыққа алған. Бұған қоса жиырмадан астам балалар үйіне үнемі көмек көрсетіп келеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив