KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

"Казцинк" қарттарды қуантып тастады

6.11.2017, 03:06 155

Жоқ-жітікке жәрдемдесіп, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне көмектесіп келе жатқан «Қазцинк» ЖШС Глубокое ауданының Солнечный кентіндегі қарттар мен мүгедектер үйіне баспалдақпен көтеріп –түсіретін арба сатып әперді.


Солнечный кентіндегі Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрып жатқан 120 жанның ішінде өздігінен жүріп-тұра алмайтын, қоларбада отырған қариялар да бар. Сол қарттар жоғарғы-төменгі қабаттарға әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен ғана көтеріліп, түсіп жүр. «Қазцинк» компаниясының қарттар үйіне сыйлаған көтеріп-түсіретін қоларбасы арбаға танылып, пұшайман күйге түскен қарияларды қуантып, көңілдерін бір жадыратып тастады.


-Бұл орталық ғимаратында лифт жоқ, оны орнатуға да мұнда техникалық мүмкіндік жоқ. Сол себепті «Қазцинк» компаниясынан Солнечный кентіндегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығына көтеріліп-түсетін қоларба сатып алуға көмектесуді өтінгенбіз,-дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өкілі Әлия Бариева.


Баспалдақпен көтеріп-түсіретін қоларбаға ең бірінші болып мүгедек қарт Александр Серебряков отырып көріп, бағасын берді. 82 жастағы қария қоларбаның қолқанатына айналарына сенімді екенін айтып, қуанып қалды.


- Қоларба қызметкерлердің жұмысын, қариялардың өмірін жеңілдететін болды, қарттар үйі үшін аса қажет құрылғы. Баспалдақпен жоғары-төмен түсуге арналған қоларбаның бағасы- 3 млн 600 мың теңге тұрады,-дейді құрылғыны сатып әперген «Қазцинк» ЖШС нің Өскемен қаласы бойынша кәсіподақ ұйымының төрағасы Николай Потапин.


Баян Нәзбиев, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:


- «Қазцинк» компаниясы бізге үнемі қаржылай көмектесіп, қолдау көрсетіп келеді. Бұған дейін жылу есептеу құралдарын, асхананың құрал-жабдықтарын жаңалап берген болатын. Ешқашан өтінішімізді аяқсыз қалдырып көрген жоқ, өтініш білдірмеген кезде де осылайша өз бастамаларымен көмек көрсетіп жатады. Осы уақытқа дейін әлеуметтік қызметкерлер жүре алмайтын мүгедек қарияларды үстіңгі қабаттарға қолмен көтеріп, түсіріп жүрген болатын.


Қарттар да қарап отырған жоқ. Орталық тұрғындарының алды 50 ден, арты 90 нан асқан болса, солардың ішінде тоқыма тоқып, қолөнер бұйымдарын жасап жатқан әжейлер аз емес. Көбінесе олар өздері тоқыған түрлі тоқыма киімдерді Өскемендегі сәбилер үйіне апарып береді. Қарттар өздері жинаған азын-аулақ қаражатқа балалар үйіне музыкалық орталық та сыйлапты. Балалар аналарынан көрмеген жылуды осындағы қарттардан көріп жатыр.


Қариялардың өздері мемлекет қамқорлығында. Орталықта оларға үш дәрігер, тоғыз медбике, 90 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетіп келеді. Физио және емдеу-шынықтыру бөлмелері жұмыс істеп тұр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив