«Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі Өскемен металлургия кешенінің балқыту пешінде алғашқы қорғасын құймасының өндірілгеніне 60 жыл толды, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.
Еліміздегі ең байырғы кәсіпорын-дардың бірі – қорғасын зауытының ұжымы 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Алдымен осы кәсіпорында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, өндірісті өркендетуге елеулі үлестерін қосқан ардагер-зейнеткерлерге құрмет көрсетілді. Олар өздері жұмыс істеген орындарында болып, қазіргі заман талабына сай жаңа жабдықтармен, озық үлгідегі технологиялармен, мұндағы жұмысшылар-ға жасалған аса жайлы еңбек жағдайымен танысты.
Мерейтойда 160-қа жуық металлург «Қазцинк» ЖШС басқарма төрағасының, Өскемен металлургия кешені, қорғасын зауыты басшыларының грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Одан соң «Қазцинк» ЖШС-інің теннис орталығында осы мерейтойға арналған жарыс өтті. Аса тартысты өткен бәсекелерде өндірістік өнімдерді өңдейтін цехтың «Тұлпар» командасы бірінші орынға ие болды.