KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Алаш оқулары Аягөзде дәстүрге айналған

12.06.2013, 18:00 220


Аягөз ауданында жыл сайын Алаш арыстарын дәріптеу мақсатында оқу жылы аяқталысымен Алаш оқулары өткізіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шараның негізгі міндеті – Алаш арыстарының еңбектерін болашақ ұрпақ бойына сіңіру. Арнайы өткізілген сабақта Мағжан, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов сынды алаш қайраткерлері жайында деректі фильмдер көрсетіліп, олардың шығармалары дәріптелді.

Мектеп оқушылары Мағжан, Ілияс, Ахметтің шығармаларын жатқа айтса, аға буын өкілдері оқушыларға алаш қайраткерлері армандап кеткен ел тәуелсіздігінің қадірін түсіндірді. Шара соңында мектеп оқушылары арасында алаш қайраткерлерінің шығармаларын дәріптегендерге арнайы марапаттар табысталды.

Ұстаздардың айтуынша, мұндай тағылымы мол шаралардың жас ұрпаққа берері мол. Алаш оқулары арқылы балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік арта түседі екен.

Қадырбек Кәкімұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив