KZ
Өскемен
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Ауылға ауызсу тартылады

1.02.2018, 05:09 146

Биыл Теректі ауылына ауызсу құбыры тартылады. Оған республикалық бюджеттен 307 миллион теңге бөлінген.


Сондай-ақ, ағымдағы жылы ауылдағы жарығы жоқ көшелерге шамдар орнатылмақ. Айта кетейік, соңғы жылдары бұл елді мекендегі мектеп пен әкімшілік ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балабақша ашылған. Ал былтыр Бөгенбай батыр көшесіне жарық тартылыпты. Ауылдық округтің әкімі Ержан Күзембаевтың айтуынша, алдағы уақытта Теректідегі бірқатар мәселе шешімін табады.


-Ауылдағы орта мектепке оқушыларды тасымалдайтын жаңа автобус қажет. Бұдан бөлек біздің ауыл тұрғындарын жерді жалға алу мәселесі қызықтырады. Бұл шаруа төңірегінде аудандық жер қатынастары бөлімі мамандарымен кеңесетін боламыз, - дейді Ержан Күзембаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив