KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Қожалық жетекшілері марапатталды

24.12.2017, 08:24 265

Катонқарағай ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті. Бұл күні аталмыш саланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген кәсіпкерлер марапатталды.


Мерекелік шарада аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин «Әмір» шаруа қожалығының басшысы Шоқан Мұсабалинге Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасын табыстады. Ал «Селигер» шаруа қожалығының жетекшісі Дмитрий Веригин «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.


– Биыл аудандағы ауылшаруашылық құрылымдарына 350 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Сондай-ақ нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 153 миллион теңге қарастырылды, - дейді Ахметқали Нұрғожин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив