KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Сылақшы мамандарын Асубұлақтағы "Ұлан" колледжі даярлайды

9.06.2013, 18:00 161


Биыл Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде кәсіби оқытуға және кадрларды қайта даярлауға 50 адам жіберіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгінгі күні 31 адам аспаздық ісі, шаштараз және сылақшы мамандықтары бойынша 3 айлық қысқа мерзімдік курстарға оқуға жіберіліпті. Солардың ішіндегі сылақшы мамандығы Асубұлақ кентіндегі «Ұлан» колледжінде оқытылатынын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, маусым айында хатшы-референт, есепші және газбен дәнекерлеуші мамандығын игеремін деушілерге арналып 3 айлық қысқа мерзімдік курстар ұйымдастырылады екен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив