KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Алиментті төле» акциясының шеңберінде борышкер әкелерден 34 млн. теңге өндіріліп алынды

9.06.2013, 18:00 144


Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткізген «Алиментті төле» акциясының шеңберінде борышкер әкелерден 34 млн. теңге өндіріліп алынды. Іздеуде жүрген бір қашқын әкенің тұрғылықты жері, 37 борышкердің жұмыс орны анықталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс прокурорының орынбасары әділет кеңесшісі В.Олейниктің айтуынша, олардың жұмыс орнына алимент ұстау туралы құжаттамалар жөнелтілген. Балаларына алимент төлеуден жалтарып жүрген 25 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шешім шығарылыпты. Сондай-ақ сот шешімін орындамаған 5 адам әкімшілік жолмен жауапқа тартылса, 2 адамға іздеу жарияланды.

Ал Семей қаласында осы акцияның барысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен 2 борышкер әке жұмысқа орналастырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив