KZ
Өскемен
+4°
небольшой дождь жел 8 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың бес айында 57 көлік аударылды

7.06.2013, 18:00 138


Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың бес айында көлік аударылған 57 апатқа жол берілді. Соның салдарынан 12 адам қаза болып, 87 адам әртүрлі жарақат алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстарғанда, жол-көлік апаттарының көрсеткіші 39 пайызға артты, ал жарақат алғандар 85 пайызға өскен. Көлік аударылған кезде мерт болғандардың саны 8 пайызға азайды.

Облыстық жол полициясы басқармасы ұйымдастыру-алдын алу жұмыстары мен бақылау бөлімінің бастығы Ерік Әміреевтің айтуынша, көліктің аударылу жағдайлары негізінен жүргізушідердің жылдамдықты дұрыс таңдамауынан, сонымен қатар қарсы жолаққа шығып кетудің кесірінен орын алған.

Жол полициясы басқармасы азаматтардың жазғы демалыс маусымы кезінде қаладан тысқары тас жолдарын қадағалауды күшейтеді. Сондай-ақ жүргізушілердің есіне шаршағандық пен селқостық өкінішті жағдайларға әкеліп соғатынын, сол себепті уақтылы тынығу қажеттігін салады.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив