KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Курчатовта жас өрт сөндіру жасақтарының слеті өтті

5.06.2013, 18:00 102


Курчатов қаласының өрт сөндіру бөлімінде жалпы білім беретін мектептердің жас өрт сөндіру жасақтарының слеті өткізілді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалалық білім бөлімінде хабарлағандай, жарыс бағдарламасы визит карточкасы, медициналық пост, көңілді суретші және өрт сөндіруші киім үлгісі сияқты бірнеше конкурстардан тұрды.

Жасақтар өздерінің ептілігін, іс-қимылдарының анықтығын және топтық рухты көрсете білді. 48-өртке қарсы қызмет бөлімінің өрт сөндірушілері ұйымдастырған жаттығулар оқушылардың өртке су себетін түтік құбырын домалатып тез жинауда және өрт сөндіру қызметкерінің киімін кию тапсырмаларын орындауда көмегін тигізді.

Қызықты сайыстардың қорытындысында Курчатов қаласының № 1 жалпы білім беретін орта мектебінің жасақтары жеңіске жетті, екінші орын –№ 3 орта мектебіне берілді, ал Курчатов қаласының мектеп-гимназиясы үшінші орынға ие болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив