KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Бүгін қазақстандық түлектер үшін ҰБТ сынағы басталды

2.06.2013, 18:00 104


Бүгін қазақстандық оқушылардың алғашқы легі үшін ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. ҰБТ сынағы 3-маусымнан 15-маусым аралығында жүргізілмек. Алғашқы күні еліміз бойынша 56 пунктте 25 756 түлек өз бақтарын сынайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2013 жылғы ҰБТ сұрақтарының 36 пайызы жаңартылған. Ешқандай мағынасы жоқ сауалдар алынып тасталды. Бірақ қосымша 21 мың жаңа тапсырма қосылып отыр. Олардың 3 мыңы логикалық ойлау жүйесіне құрастырылған. Мамандардың пікірінше, мұндай тапсырмалар балалардың ойлау қабілетін жетілдіріп, кез-келген іске шығармашылық тұрғыда келуге мүмкіндік береді. Яғни, түлек нақты жауапты білмесе де, логикаға сүйене отырып, дұрыс шешім таба алады.

Мемлекеттік гранттарды жеңіп алу үшін түлек бейімді пән бойынша кем дегенде 7 балл, шығармашылық сынақтан 10 балл, басқа пәндерден 4 баллдан жинауы тиіс.

ҰБТ қабылдайтын барлық пункттерде мемлекеттік, апелляциялық комиссиялар жұмыс істейді. Министрлікте республикалық апелляция комиссиясы бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив