KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Балалар үйінің жаңа достары

31.05.2013, 18:00 174


Өскемен қаласындағы мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілерін қалалық әкімдіктің №7 филиалы мен «Сервис Авто» ЖШС жетекшілері Балалардың халықаралық күнімен құттықтады. Ересектер балғындарға памперс, ойыншықтар мен тәттілер сыйлады. , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі, қала әкімінің баспасөз хатшысы Л.Поломошнованың мәліметіне сүйеніп.

Балалар үйінің жаңа достары«Бізге № 7 филиалдан Сатима Исямовна Малаева телефон шалып, балалар үйінде 115 бөбек тәрбиеленіп жатқанын, олардың ішінде кемтар балғындар барын айтты. Кейбіреуі әлі емшектен де шықпапты. Осындай бүлдіршіндерге қалайша көмектеспеске? Олардан ең жақындары бас тартып отыр.

Мекеменің бас дәрігері Гүлнәр Боранғалиқызы Даниярова бастаған мейірімді тәрбиешілер оларға ата-аналарын алмастырған. Осы жандарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Енді достығымыз жалғаса береді», дейді «Сервис Авто» ЖШС-нің өкілі Анатолий Гундарев.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив