KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

"Беймарал" күлкі театрының құрамында Шығыс Қазақстан облысының дарынды жастары бар

30.05.2013, 18:00 138


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі режиссер, танымал актер Асқар Наймантаевтың "Беймарал" күлкі театрының құрамында Шығыс Қазақстан облысының Ринат Уәлиев, Бекнұр Солтанов (Ақсуат өңірінен), Әли Солтанбеков (Тарбағатай), Ерасыл Қабитқанов(Марқакөл) сияқты дарынды жастары бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мысалы, Әли мен Ерасыл актер ғана емес, әншілік өнерлерімен де танымал, олар "ЕрАли" атты топ кұрған. Ринат Уәлиев болса жақында "Қазақстан" Ұлттық арнасында Мағжан Жұмабаевтың рөлін сомдап, деректі хабарға түсті. Ал Бекнұр Солтановтың сценарийі бойынша жазда жастар өмірі туралы кино түсірілгелі жатыр.

Шығысқазақстандық дарынды жастар маусым айында "Беймарал" театрының "Мәз мейрам" атты көңілді бағдарламасымен туған жерлеріне гастрольдік сапармен келмек.




Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив