KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Семейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етілді (+сурет)

30.05.2013, 18:00 269


Семейде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Қайым Мұхамедханов ескерткіші алдында азалы жиын болды
, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Шарада қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева атап өткеніндей, бұл күннің Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін маңызы ерекше. Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске ала отырып, болашақта мұндай нәубетті болдырмау - ортақ парыз. Көп ұлтты Қазақстан халқы бір тудың астында жиналып, тәуелсіз еліміз тұрақты дамуы тиіс.

«Ақылдастар алқасы» бірлестігінің мүшесі Совет Тоғызбаев: «Бүгін – солақай саясаттың салдарынан қолдан жасалған аштықтың құрбаны болған қарапайым халықтың қырылғанын және жала жабылған саясаттың құрбаны болған арыстарымызды еске алу күні. Мұндай күннің боларын жас кезімізде ойлаған емеспіз. Бүгінде осы күннің белгіленгеніне шүкіршілік етеміз. Ел тарихындағы осы күңгірт кезеңдер ел басқарған, тізгін ұстаған басшыларға, ертеңгі елдің сенер ұрпақтарына халқын сүюге, олар үшін адал қызмет етуге, жаһандану кезеңінде ұлттық рухқа, мәдени мұраға, салт-дәстүр, тілге аса жауапкершілікпен қарауға шақырып тұрса керек», - деген пікірімен бөлісті.

Семейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етілді (+сурет) «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында большевиктер жүргізген саясаттың салдарынан екі аштық орын алды. Әсіресе, кейінгісінің салдары өте зор болып, Ұлы нәубет аталды. 30-жылдары екі миллионнан астам қазақ аштан қырылды. Кеңес үкіметінің сұрқия саясатынан халықты қорғаған Алаш қайраткерлері қуғынға ұшырады. 1922 жылдан Алаш қозғалысының қайраткерлері барлық мемлекеттік қызметтерден алынып тасталса, 1930 жылы ашықтан ашық жазалау басталды. 40 жуық қазақ зиялысы тұтқындалып, олардың арасында ең алдымен 4 сәуір күні Ж.Аймауытов атылды.
1937-1938 жылы Алаш қозғалысы қайраткерлерімен қоса, большевиктер санатында болған қазақ зиялылыра да қоса жаппай қудаланды.
Семейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етілді (+сурет)Кешегі Алаш «оян» десе, менікі «ойлан» дер едім. Өйткені бүгінгі күнгі жастар – бақытты жастар, олар ата-баба армандаған басты құндылық – тәуелсіз мемлекетте өмір сүруде. Жастар біз бен сіздерге аға буын тәуелсіздікті аманат етуде. Сондықтан мен барлық жастарды тарихтан тағылым алуға шақырамын», - деп атап өтті жиын барысында сөз алған Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Ержан Шағимолдин.
Семейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етілді (+сурет)
Семейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етілді (+сурет)
Соңынан жиналғандар ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойды. Іс-шара тарихи-өлкетану мұражайындағы тақырыптық көрмемен жалғасты.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив