KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
483.23 534.74 5.12

Ресейде қазақстандық жолаушылар автобусы аударылды

30.05.2013, 18:00 110


Кеше түнде Ресейдің Самара қаласының түбінде Шымкент қаласынан Мәскеуге бара жатқан автобус аударылды. Қазақстандық көліктің 20 жолаушысы әртүрлі жарақаттармен Ресейдің емдеу мекемелеріне жеткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ресейлік ақпарат көздерінің хабарлауынша, Орта Азияның 85 жұмысшысы отырған автобус түнде жолдан шығып кетіп, аударылған. Көліктің жүргізушісі ештеңе түсіндіре алмайды. Зардап шегушілерге апатты көргендер алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, аударылған көліктің ішінен шығуға көмектесіпті.

«Апатты көргендер 4 жолаушыны Красноярск ауданының орталық ауруханасына жеткізген, - деп хабарлады Ресей ТЖМ-нің Самар облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметі, – 4 адам осы ауруханаға жедел жәрдемнің мәшинесімен апарылды. Дәрігерлер қарап, үйлеріне босатқан жолаушылардың барлығы Қазақстанға жолай көліктермей қайтарылды».

Ресейлік жол сақшыларының алдын ала болжамдары бойынша, жүргізуші апатты жол бөлігінде көлік басқаруға ие бола алмай қалған. Қазір жол-көлік апатының егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив