KZ
Өскемен
+19°
дождь жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Павлодарлық олимпиада жүлдегері медалін сатуға мәжбүр

30.05.2013, 18:00 164


Конькимен жүгіруден 1998 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Людмила Прокашева материалдық жағдайының қиындығына байланысты байрақты бәсекеде жеңіп алған медалін сатуға мәжбүр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Медальды сатайын деп шештім. Ата-анама үй салып, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Мұның бәріне шамамен 10 миллион теңге қажет, – дейді ол.

Әзірге спортшы құнды сыйлығын қаншаға сататынын және оның алғашқы бағасы қанша болатынын айтқан жоқ.

Бүгінде ІІМ подполковнигі болып табылатын Людмила Прокашева Павлодар қаласында тұрады. Ол 1995-96 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері, 1996 жылғы қысқы Азиада ойындарының екі дүркін чемпионы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив