KZ
Өскемен
+25°
небольшой дождь жел 4,7 м/с, СБ
465.28 499.2 5.33

Семей мемлекеттік университеті инженерлік-технологиялық факультетіне -50 жыл

3.06.2013, 18:00 182


Семей қаласының Абай атындағы облыстық драма театрында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті инженерлік-технологиялық факультетінде (бұрынғы Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институты) тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіне инженер-мамандар дайындаудың 50 жылдығына арналған «Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі: қазіргі жағдайы мен даму болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Осы салтанатты іс-шара кәсіпорындардың жетекші мамандары мен атақты факультет түлектерінің басын қосты.
Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтының көптеген түлектері тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу, жобалау институттарында, кәсіпорын басшылығында, өнеркәсіп бірлестіктерінде сәтті еңбек етуде: Ф.А. Новиков (70-80 жж. - КазССР ет және сүт өнеркәсібінің министрі), А.И. Атмачиди (Қазақстанның Халық қаһарманы), облыс және қала басшылары З.С.Күзетаев, Н.А.Сәлімбаев, Г.С.Исаева (ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі), Ү.Чоманов, ҚР ҰҒА академигі, А.А.Милютин (ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты), В.Л.Кошелев (ШҚО әкім орынбасары) және т.б.

Семей мемлекеттік университеті инженерлік-технологиялық факультетіне -50 жылІс-шара барысында Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтының тарихы және әр жылдары бітірген белгілі түлектер туралы жазылған кітаптың тұсаукесері, ШҚО тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары өнімдерінің көрмесі болып өтті.

Инженерлік-технологиялық факультетінде ұзақ жылдар бойы осы оқу орынның қабырғасында қызмет атқарған С.Д.Ульянов, А.Ф.Еникеева, Т.Ж.Сүлейменовалардың атаулы дәрісханалары ашылды.

Семей мемлекеттік университеті инженерлік-технологиялық факультетіне -50 жыл«Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі: қазіргі жағдайы мен даму болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Қазақстанның, алыс және жақын шетел тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің жетекші мамандар мен ғалымдардың баяндамалары тындалды. Пленарлық мәжіліске арнайы институт түлегі, ҚР Ауыл шаруашылығының вице-министрі Исаева Г.С., техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА бас ғалым хатшысы Чоманов О.Ч., Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (Ресей, Челябинск қ.) Ребезов М.Б., Хиросима университетінің құрметті профессоры, Ph.D докторы (Жапония) Хоши Масахару сияқты ғалымдар жиналды.

«Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асыру, Елбасының алдағы уақытқа қойылған стратегиялық жоспары орындау мақсатында бізге білікті мамандар өте қажет. Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институты- ( қазіргі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті) 50 жылдық тарихы бар, мамандарды даярлаудағы алдыңғы қатардағы кәсіптік шеберхана болып табылады. Мен өзім осы оқу орынның түлегімін. Алдағы уақыттарда да университет ұжымына кадрларды даярлауда толағай табыс тілеймін», - деді өз құттықтау сөзінде киелі қара шаңырақтың түлегі, ҚР Ауыл шаруашылығының вице- министрі Г. Исаева.

Сонымен қатар, мерейтойға Ресейден, еліміздің басқа қалаларынан келген белгілі ғалымдар қатысты. Ал, факультетте ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған ұстаздар мен қызметкерлер «Шәкәрім» медалімен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қарлығаш Хауасбаева

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив