KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Самар ауданында гинеколог және невропатолог дәрігер жоқ

27.05.2013, 18:00 138


27 мамыр күні Көкпекті ауданында ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа аудан активі мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде ауданда Қоғамдық кеңес құру, медициналық қызмет көрсету сапасы және тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық проблемалары қаралды.

Облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы В. Лопаткин мен ШҚО талдау және болжау институтының қоғамдық – саяси және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы О.Чугунков отырысқа қатысушыларды облыстық Қоғамдық кеңестің жұмыс қағидаларымен таныстырып, практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі Атымбай Әбенов ауданда осындай Кеңесті құрудың тиімді екендігін айта кетті.

Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары А. Рахимова мен Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Г. Шапатова аудандағы медициналық қызмет көрсету сапасына тоқтала кетті. Г. Шапатованың мәліметіне сүйенсек, Самар ауданында гинеколог және невропатолог дәрігер жоқ. Басқа аудандардан кадр тарту арқылы мәселені шешуге тырысқан, алайда әзірге мәселе шешімін таппай отыр.

Көкпекті ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі бастығы М.Ақшағанов атқарылған жұмыстар туралы айта келе, ауданда орын алған проблемаларға да тоқталды. Оның айтуынша, жолдар осыдан екі жыл бұрын жөнделген, қазіргі уақытта олар кепілде болғандықтан жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды. Жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер компания өзінің кепілдік шартарын орындамайды. Талқылау барысында Қоғамдық кеңес аталмыш проблеманы шешуге көмектесетіндігін уәде етті.

Отырыс соңында Көкпекті ауданында Қоғамдық кеңес құру туралы шешім бірауыздан қабылданып, аудандық Кеңестің төрағасы ретінде Е. Сихварт тағайындалды.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив