KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Қоғамдық орындарда қалдырылған кітаптарды кез келген адам алып оқуына болады

26.05.2013, 18:00 202


Облыс орталығында «Өскемен - оқырман қала» жалпықалалық акциясы шеңберінде тағы бір қызықты шара ұйымдастырылмақ. «Кітап ал, оқы!» буккроссинг тәртібімен орталық базар, батырлар аллеясы, Қазақтелеком, «Юбилейный» кинотетр алаңдарына кез келген адам алып оқуы үшін кітаптар қалдырылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Буккроссинг тәртібі бойынша оқырман кітаптың орнына өз кітабын қалдыруы тиіс. Немесе алған кітапты оқығаннан кейін, оны басқалар оқуы үшін кез-келген қоғамдық орында (саябақ, дәмхана, автобекет ...) тастап кетуі керек.

Бұл кезде Абай және Пушкин ескерткіштері жанында, батырлар аллеясында әдеби саяхат өткізіледі. Оған қатысушылар қазақ және орыс классиктерінің шығармашылығымен танысып, өз білімін тексереді, жаңа басылымдарды парақтап, таныс кітаптарымен қауышады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив