KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Семейде «Ай-Керім» ансамблі алғашқы концертін қойды (+сурет)

22.05.2013, 18:00 148


Семейдің Мәдениет сарайында қала әкімі Айбек Кәрімовтың бастамасымен құрылған «Ай-Керім» ансамблінің тұсау кесер концерті өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Гүлжан Қуанышеваның айтуынша, премьера осыдан екі ай бұрын болуға тиіс еді. Алайда әншілер мен техниканың жоқтығынан, кейінге шегеруіне тура келіпті.

Семейде «Ай-Керім» ансамблі алғашқы концертін қойды (+сурет)Семейліктердің назарына ұсынылған алғашқы концертті көрермендер өте жылы қабылдады. Берік Сұлтанбеков, Нұриден Иманбаев, Қалбет Қалым және Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген артист Салтанат Сиранбаева сынды әншілер 60-70-80 жылдардағы танымал 17 ән орындап, жиналғандардың көңілінен шықты. Әндер қазақ, орыс және итальян тілдерінде орындалды.

Вокалды-иструментальді ансамбльдің құрамында 7 музыкант бар.

Семейде «Ай-Керім» ансамблі алғашқы концертін қойды (+сурет)«Ансамбль мүшелерінің жоспарлары ауқымды. Олар өздерінің жетекшілері Маульт Рахымбаевпен бірге жоғары сынып оқушылары, студенттер мен орта жастан асқандар үшін бірнеше студия ашпақ.. Күзден бастап Шығыс Қазақстанның аудандарына гастрольге шықпақшы» дейді Г.Қуанышева.

Семейде «Ай-Керім» ансамблі алғашқы концертін қойды (+сурет)«Ай-Керiм» ансамблінің тұсау кесер концертінде қала әкімі Айбек Кәрімов шығармашылық ұжымды құттықтап, оларға табыс тіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив