KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 5 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Оқушылардың жазғы лагерьлерінің тең жартысы орталық су құбырына қосылмаған

20.05.2013, 18:00 82


Оқушылардың жазғы лагерьлерінің 54%-ы ғана орталық су құбыры жүйесіне қосылған. Сондықтан тасып ішетін судың сапасы көңілді алаңдатады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Мұрат Әбенов Үкімет отырысында мәлімдеді.

"Маусым ашылуға жақын. Жазғы демалыс лагерьлерін ауыз сумен қамту мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Балалар демалатын орындардың тең жартысы жерасты суларын қолданып, кейде жақын елді мекеннен су тасуда. Тек 118 лагерь орталық су құбыры желілеріне қосылған. Сондықтан өңірлердегі әкімдерге бірде-бір баланың денсаулығына зақым келмеуі тиіс екендігін ескертеміз. Өрт қауіпсіздігі мәселесі де күн тәртібінде. Тексеру жұмыстарын жүргіздік. Бұл тарапта да заң бұзушылықтар тіркелді", деді министрдің орынбасары.

Министрліктің деректері бойынша, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға мемлекет тарапынан 5 млрд. 500 млн. теңге қаржы бөлінген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив