KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

«Евровидение-2013» халықаралық ән байқауының жеңімпазы анықталды

18.05.2013, 18:00 110


"Евровидение-2013" халықаралық ән байқауының жеңімпазы болып Only Teardrops әнін шырқаған даниялық Эммили де Форест танылды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

РИА Новости агенттігінің есептеуі бойынша, әнші 281 балл жинаған.. Ең жоғары 12 баллды Данияға 39 елдің 8-і қойды: Ұлыбритания, Сербия, Италия, Исландия, Франция, Ирландия, Словения, Македония. 10 баллды Эммили де Форест дали Швеция, Нидерланды, Венгрия, Бельгия, Германия, Черногория, Хорвати берсе, Израиль, Испания мен Эстония 8 баллға бағалады.

Азербайджанның өкілі Фарид Мамедов 234 баллмен 2-орынды еншіледі. Жүлделі 3-орынды украиналық әнші 214 баллмен Злата Огневич әкетті. 191 балл жинаған норвеждік Маргарет Бергер 4-орында. Ал ресейлік Дина Гарипова What if әнімен тек 5-орынға табан тіреді (174балл).

Бірінші ондыққа Греция, Италия, Мальта, Нидерланды және Венгрия енді. Екінші ондықты Молдавия бастап, қалғандары Бельгия, Румыния, Швеция, Грузия, Беларусь, Исландия, Армения, Великобритания, Эстония, Германия, Литва, Франция, Финляндия, Испания, Ирландия аяқтады.

Шоу жеңімпазы кәсіпқой қазылар алқасы және көрермендердің дауыс беруімен анықталды. Жеңімпаз Отанына ауыспалы хрустальды микрофонды әкетеді.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив