KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Astana Arlans» кәсіпқой боксшылар клубының екі мүшесі шығысқазақстандық спортшылар (+сурет)

15.05.2013, 18:00 179


Қазақстандық «Astana Arlans» кәсіпқой боксшылар клубы алғаш рет Бүкіләлемдік бокс сериясының WSB кубогының иегері атанды. Еліміздің даңқын әлемге танытқан клубтың екі мүшесі шығысқазақстандық боксшылар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Astana Arlans» кәсіпқой боксшылар клубының екі мүшесі шығысқазақстандық спортшылар (+сурет)«Арландар» тартысты өткен финалдық айқаста «Украинские Атаманы» боксшыларын 6:5 есебімен жеңіп шықты. «Astana Arlans» клубы боксшыларының бірі, 73 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мирас Байырханов ШҚМУ-дың дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті және 54 килограмм салмақта сайысқан Мирас Жақыпов С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың түлегі.

54 килограмм салмақ дәрежесінде Мирас Жақыпов ақтық жарыстардың екінші күні Микола Буценкомен кездесіп, 3:0 (49:46, 48:47, 49 46) есебімен ұтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив