KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Зырян қаласында пәтерінде шыққан өртті өшіру кезінде үй иесі жарақат алды

14.05.2013, 18:00 158


ШҚО Зырян қаласында пәтерінде шыққан өртті өшіру кезінде үй иесін 1 дәрежелі күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-інде хабарлағандай, үш қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Ішкі есіктердің бірінің ағаш құрандылары жанып кеткен.

Мамандардың айтуынша, өрт үй иесінің отпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамауынан шығуы мүмкін.
Тілсіз жауды өздігімен ауыздамақ болған 55 жастағы ер адамның оң иығын күйік шалып, зардап шегуші 1 дәрежелі күйікпен травматология бөліміне жеткізілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив