KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 3 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Өскеменде өрт кезінде бір адам иіс тиіп уланды

7.11.2013, 18:00 200


Өскемен қаласында жеке меншік үйде шыққан өрт кезінде бір адам иіс тиіп уланып, ауыр жағдайда ауруханаға түсті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, үйдің ағаш құрандылары, кіре беріс бөлмесі, төбесі мен жиһаздары, барлығы 70 шаршы метр аумақ жалын құшағына оранған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше жанып жатқан ғимараттан үй иесі өзінің көңілдесін алып шыққан. Иіс тиіп, уланған зардап шегуші ауыр жағдайда №1 қалалық аурухананың токсикология бөліміне жеткізілді.

Өрттің шығу себептері ретінде отты абайсыз қолдану немесе пешті орнату кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамау сияқты болжамдар қарастырылып жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив