KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

Суретшімен диалог ретінде өткен шығармашылық кеш (+сурет)

3.05.2013, 18:00 256


ШҚО мәдениет басқармасының бастауымен «Мәдени сенбілік» шеңберінде Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайында сервис колледжі, Шәкәрім атындағы университет студенттері және балалар көркем студия оқушыларының семейлік суретшісі Виктор Федорович Шмидтпен шығармашылық кездесу өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей педагогикалық институттың (көркем-сурет факультеті) түлегі Виктор Шмидт 1986 жылдан бастап топтық және дербес көрмелер қатысушысы.
Суретшімен диалог ретінде өткен шығармашылық кеш (+сурет)
2002 жылы Алматыда өтен Арт-фестивальдің дипломанты, 2003 жылы «Қазақстанның Ресейдегі мәдениет жылы» шеңберінде Новосібірде «Отражение иллюзий» атты дербес көрмесі өтті.

2007 жылы Өскеменде қазіргі заман өнер мұражайында, 2010 жылы Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайында дербес көрмесі ұйымдастырылды.
Суретшімен диалог ретінде өткен шығармашылық кеш (+сурет)
Суретшімен диалог ретінде өткен шығармашылық кеште автордың әр кезеңдегі жұмыстары ұсынылды.

Эмоционалды, философиялық, адам қиялын қозғайтын жұмыстар көрерменнен қызықты сұрақтар туғызды.
Суретшімен диалог ретінде өткен шығармашылық кеш (+сурет)
Суретшінің өзі айтпақшы, „суретші деген — адамдарға айтатын сөзі бар адам„.Расында да, бүгінгі кездесуде суретшінің айтар сөзі, көрсетер жұмыстары көп болды. Кездесуге қатысушылардың жылы лебіздері осындай шаралардың керектігіне көз жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив