KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

Тағы бір ауыл мектебі «Starlink» жүйесіне қосылды – ШҚО

2.05.2024, 16:24 157 Ләззат Қанатқызы

Зайсан ауданындағы Жаңатұрмыс ауылының мектебіне «Starlink» спутниктік интернет құрылғысы орнатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде аталмыш елді мекенде 44 үй, 195 тұрғын бар. Ал ауыл мектебінде 36 оқушы білім алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс бойынша 162 мектеп «Starlink» интернет жүйесіне қосылады. Бұл жұмыс күн райы қолайсыздық туғызбаса, мамыр айының ортасына дейін аяқталуға тиіс. Яғни шалғай ауыл тұрғындары көп ұзамай сапалы интернеттің игілігін көреді.

«Starlink» – жылдамдық пен сапа тұрғысынан қазіргі кездегі озық желілердің бірі. Ресми деректерге сүйенсек, оның жылдамдығы 120 мбит/с, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін. Сондай-ақ спутникті құрылығыны іске қосу көп уақыт алмайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив