KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Патриоттық-әскери сайыстарда семейлік студенттер күш сынасты

3.05.2013, 18:00 204


Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр Ұлы Отан соғысының жеңіс күні мерекесіне орай үлкен іс-шара өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш ЖОО-ның денешынықтыру және спорт факультетінің бастапқы әскери дайындықты оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы оқытушыларының мұрындық етуімен өткізілген іс-шараға педагогикалық институттың әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Есенжолов Ерғали Қабидоллаұлы мен грек-рим күресінен КСРО-ға еңбегі сіңген бапкер Ильматов Ром Хасанович қатысты.

Патриоттық-әскери сайыстарда семейлік студенттер күш сынастыҰйымдастырушылар бұл күні екі қастерлі мереке қарсаңында бастапқы әскери дайындықты оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының бірінші және екінші курс студенттерінен құралған алты команда арасында патриоттық-әскери-спорттық ойындар жарысын өткізді.

Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін бойына сіңірген жас айбындарымыз жарыстың әскерилендірілген эстафета, арқан тарту, әскерилендірілген марафон түрлерінен жарысты. Жарыс барысында қайсар ұлдарымыз өз ұлтының нағыз патриоттары екенін көре алдық.

Патриоттық-әскери сайыстарда семейлік студенттер күш сынастыДоданың бас төрешісі «Бастапқы әскери дайындықты оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, запастағы капитан Ибраев Болатқали Мұқанұлы болды.

Командалар арасындағы теке тірестің нәтижесі бойынша жас та болса өздерінің жеңіске деген жігерлігімен І-орынға С-143 тобының студенттері ие болды. ІІ-орынды тісқаққан майталмандар В-247 тобы студенттері жеңіп алды. Ал, С-144 пен С-244 топтары арасында біріктірілген құрама ІІІ-орынды місе тұтты.

Бұл әскери спорттық ойындар жылдағы өткізіліп келе жатқан дәстүрлі жарысымыз. Алдағы жылдары кең ауқымды түрде Спартак стадионында өткізілсе деген кафедра оқытушыларының ұсынысы бар. Бұл шараның жыл сайынғы ұйымдастырылу себебі қашанда Отан қорғайтын жастарымыз білекті де шымыр болсын деген ниетпен олардың физикалық күш жігерлері мен шыдамдылықтарын шыңдау.

Анар Қуанғалиева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу