KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Облыс орталығында бір тәуліктің ішінде 10 алаяқтық фактісі тіркелді

1.05.2013, 18:00 128


Өскемен қаласында өткен бір тәуліктің ішінде 10 алаяқтық фактісі тіркелді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Әйгерім Қамзақызының айтуынша, алаяқтар тұрғындарды әртүрлі жолдармен қармақтарына түсірген. Мысалы, 7 жағдайда зардап шегушілер ақшаларын бейтаныс адамдарға әртүрлі қызмет түрлері үшін өздері берген. Осылайша келген шығын 400 000 теңгені құрайды.

Тағы 2 жағдайда жас жігіттер ұлттық лотерея сататын агенттерге жалған «Спринт авто» лотереясын көрсетіп, алдау арқылы 10 мың теңгені қалталарына басқан. Тек бір жағдайда ғана әйел адам алаяқтардың арбауына түспей, дереу полицияға хабарлапты.

Қазір осы оқиғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 177-бабының 1-тармағы бойынша қылмысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Полиция қызметкерлері тұрғындардан әсіресе мереке күндері қырағы болуды сұрайды. Мейрам кезіндегі апақ-сапақта алаяқтардың шырмауына түсіп қалу тіпті оңай деседі мамандар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив