KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Қазақстанда тұңғыш рет Әскери шеру өтеді

28.04.2013, 18:00 117


Астанада Қазақстандағы тұңғыш Әскери шеруді көрсетуге дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі «МИР 24» телеканалының мәліметіне сүйеніп.

Еліміздің ең үздік әскери бөлімшелері алғаш рет қару мен әскери техникаларымызды көпшілікке жайып салмақ. Арнайы алаңдарға қару мен әскери техниканың соңғы үлгілері қойылатын болады.

Дайындық жұмыстары 40-әскери базаның алаңында ауа райының қолайсыздығына қарамастан екі ауысымда жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасының құрлықтағы әскерлерінің бас қолбасшысының орынбасары Жұмабек Хасеновтың айтуынша, парадта әскери техника, ұшақтар мен тікұшақтар бірлесіп, жоғары шеберлікті көрсетеді деп күтілуде.

Шеру өтетін алаңда жөндеу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған. Тездетіліп асфальт төселіп, маңайы жасыл желекпен көмкеріліп, президент пен көремендер үшін көру алаңы абаттандырылып жатыр.

Сонымен қатар шеруге шығатын әскерилердің саптағы жүріс-тұрыстары да бір ізге салынуда. Қазақстанның құрлықтағы әскерлерінің бас қолбасшысы Марат Майкеев атап өткендей, қазақстандық әскерге өз кәсібилігін лайықты түрде көрсетуге дайындыққа уақыт жеткілікті көрінеді.

7 мамырда өтетін әскери шеруге 5 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде. Олардың ішінде көптеген шетелдік журналистер де бар. Тілшілер үшін интернет жүйесі тартылған арнайы баспасөз орталығы жабдықталып та қойыпты.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив