KZ
Өскемен
+8°
дождь жел 4 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

Күршім өңірінде балғындар пакеттегі сүттерді тұтынады

28.04.2013, 18:00 137


Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша облыс көлеміндегі барлық мектептерде бір уақыт тамақ ішетін балаларға 20 грамнан бал, 200 грамнан сүт берілуге тиіс. Сөйтіп, білім саласының тізгінін ұстаған басшылар омартасы бар, фермасы бар кәсіпкерлермен келісімшартқа отыру арқылы өз оқушыларын балмен, сүтпен қамтудың жолын тапқан болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Күршім аудан көлеміндегі 48 мектепте білім алып жатқан 4923 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған, 2885 бала тамақты тегін ішеді. Олардың 1840-ы – аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар. Ал 1-4 сыныпта оқитын 1850 бала түгелдей тегін тамақпен қамтылып отыр", - дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Қасымбаева.

Аудандық білім бөлімі омарта ұстайтын маралдылық кәсіпкер Л.Кәкімовамен келісімшартқа отырған. Ол өз міндетін тиянақты орындап келеді. Арнайы қондырғы бір қалбырға балды тура 100 грамм етіп құйып береді. Қалбырдағы бал 5 балаға жетеді. Бал келісілген норма бойынша 20 грамнан аптасына үш рет беріліп келеді.

Ал сүтпен қамту жөнінде бұлай дей алмайсың. Күршім өңірінде сүт өндіретін цех, ферма дегендер атымен жоқ болғандықтан, оқушылар дүкеннен сатып алынған пакеттердегі сүтті тұтынады. Қалай дегенмен де, әр оқушыға аптасына екі рет 200 грамм сүт беріліп отыр.


Хасен Зәкәрия

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив