KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 4 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Барлық ұлыстарды бір шаңырақ астына жинаған форум

27.04.2013, 18:00 152


Қазақстан халықтары бірлігі күні қарсаңында Өскеменде ШҚО Қазақстан халықтары Ассамблеясының XIX сессиясы, сондай-ақ «Бір шаңырақ астында» форумы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сессия шеңберінде қатысушылар Қазақстан халықтары Ассамблеясының «Қазақстан Сртатегиясы – 2050: бір халық – бір ел – бір тағдыр» ХХ сессиясында Елбасы қойған міндеттерді талқылады.

Құрметті қонақтардың қатарында РФ Алтай өлкесінің губернаторы Александр Карлин, Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА Секретариатының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Егор Каппель, Роман Ким, Надежда Нестерова болды.

ҚХА-ның «Бірлік» алтын медалі ҚХА ШҚО ғылыми-сараптама тобының мүшесі, ШҚМТУ профессоры Н.А.Алексеенко мен «Вайнах» шешен-ингуш ҚБ төрайымы, ҚХА мүшесі Т.А. Кагермановаға салтанатты түрде тапсырылды.

Құрмет грамоталарына ҚР ҚХА мүшесі Е.Мәмбетқазиев, Глубокое ауданы Достық үйінің директоры М.Я.Пекур, Курчатов қаласындағы «Свиточ» украина этно-мәдени орталығының төрағасы Н.И. Дмитропавленко, Шемонайха ауданындағы Достық үйінің меценаты Н.В.Косолапов марапатталды.

ҚХА ШҚО ғылыми-сараптама тобының мүшесі С.К. Игібаев пен «Ассамблея жаршысы – Вестник Ассамблеи» газетінің редакторы А.И.Кратенкоға Алғыс хат тапсырылды.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев сонымен қатар Достық үйлеріне арнайы сыйлықтар тапсырды.

Мерекенің ресми бөлімі халықтық көңіл-көтерумен жалғасты.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив