KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

«Журналист болғың келсе..» конкурсының бас жүлдесі қарауылдық оқушыға бұйырды (+сурет)

24.04.2013, 18:00 141


Шығыс Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Журналист болғың келсе..» атты конкурстың бас жүлдесі Қарауыл гимназиясының 11-сынып оқушысы Серік Мұратовқа бұйырды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жеңімпаз болашақта университеттің журналистика мамандығының студенті қатарынан көрінсе жалпы оқу ақысына, яғни 4 жыл бойы 25%, бірінші орынды иеленген № 33 мектептің оқушысы Жанарбек Бақытгүлге бір оқу жылына 25% жеңілдіктер жасалады. Жеңімпаздар Мақтау қағазымен марапатталып, арнайы сертификатқа ие болды.

«Журналист болғың келсе..» конкурсының бас жүлдесі қарауылдық оқушыға бұйырды (+сурет)Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастырумен өткен конкурсқа қала мектептерімен қатар Абай, Тарбағатай, Үржар аудандарынан да оқушылар келіп, 80 оқушы білімдерін көрсетті.

Конкурст екі турдан тұрды. Оқушылар « Қаламым жүйткі, қарышта» атты 1-турда еркін тақырыпта шығарма жазса, «Өлеңді өміріме серік еттім» атты 2-турда мәнерлеп оқу қабілеттерін танытты.

Конкурс қорытындысын шығаруға, қазылар алқасының құрамына тәжірибиелі журналистер мен аймақтық журналистика мамандығының үздік оқытушылары шақырылды.

«Бүгінгі ұйымдастырылып отырған іс- шараның басты мақсаты- қаламы ұшқыр, талабы бар баланы қолдап, оның ары қарай шыңдалуына жол ашу. Байқауға қатысушы балалардың дайындығы өте жақсы. Айта кететін жайт, қазылар алқасы 2 турмен ғана шектелмей, баланың бұрын- соңды газет беттеріне жарияланған жұмыстарына да назар аударды. Бірінші рет ұйымдастырылып отырған сайыс болғандықтан, болашақта жиі өткізіп тұру жоспарымызда бар. », - деді іс- шараға ұйытқы болып жүрген профессор А. Рамазан.

«Журналист болғың келсе..» конкурсының бас жүлдесі қарауылдық оқушыға бұйырды (+сурет)Біліктілігімен дара шыққан екінші, үшінші орын иегерлеріне де мақтау қағаздары табыс етіліп, арнайы номинациялар бойынша да жекелеген оқушылар марапатталды.

Конкурсқа қатысқан барлық оқушылар олжалы қайтты.

Ә. Жұмағұлова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив