KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Ресейде тұңғыш қазақ журналисін еске алды

22.04.2013, 18:00 173


Ресейде тұңғыш қазақ журналисі, «Айқап» қоғамдық-саяси журналының редакторы Мұхамеджан Сералинді еске алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Басылымның алғашқы саны 1911 жылы Троицк қаласында шыққан болатын. Патша құрылымын сынға алғаны үшін басылым 88-шығарылымынан кейін жабылып қалады.

"Жорналдың 88 санының барлығында да қазақ халқының өмірі көрсетілген, оның беттерінде саясат туралы ештеңе жазылмаған да» дейді Троицкінің басшысы Виктор Щекотов.

"Айқап" жорналын шығарушы – журналист әрі публицист Мұхамеджан Сералин. Оның төл баласы атанған басылым қазақ халқының жалпыұлттық баспа органы мен жазбаша әдебиетінің ескерткішіне айналды, деп атап өтті арна.
" Біз бүгін осы тақырыпқа өте көп жылы сөздер айтылғанына қуаныштымыз. Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен бауырластықты сақтап қалуға тырысамыз. Осылай үнемі болады деп сенеміз ", - деп атап өтті Челябі облысының Нағайбақ ауданының басшысы Қайырбек Сейілов.


"Айқап" жорналында Торайғыров, Дөнентаев, Сейфуллин, Майлин сияқты белгілі қазақ жазушыларының мақалалары басылып тұрды. Басылым қазақ кедей-кепшіктерінің мүддесін қорғап, халықты сауаттандыру мен алға ұмтылуға үндеп отырды. Сонымен қатар қазақ прозасының, драматургиясының , әдеби сынының және қазақ әдеби тілінің қалыптасуына ықпал етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив