KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Өскемен қаласында 27 адам тамақтан уланып, ауруханаға түсті

20.04.2013, 18:00 236


Өскемен қаласында үйлену тойынан кейін көкке демалуға шыққан кезде 27 адам тамақтан уланып, қаланың ауруханаларына түсті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың барлығына «гастроэнероколит» диагнозы қойылып отыр. Науқастардың жағдайлары орташа деп бағалануда. Ауруларға білікті көмек көрсетілуде.

Алдын ала тексеру кезінде олардың барлықтарының тойдан қалған тағамдарды, негізінен ет және көкөніс салаттарын жегендері анықталды. Тамақтар үйдің ішінде сақталып келген. Облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті тамақтың улану ошағын жоюға қатысты шұғыл шараларды атқарып жатыр.

«Біз қала және облыс тұрғындарынан тағамдарды, әсіресе тез бұзылатын тамақтарды үйде әзірлеген кезде, оларды сақтау шараларын толық орындауды сұраймыз. Бұл сонымен қатар салтанатты жағдайлар мен той дастархананына да қатысты» дейді Өскемен қалалық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Михаил Дерябин.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив