KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Жаңаөзен тұрғындары астан уланып ауруханаға түсті

8.03.2012, 18:00 143


Жаңаөзенде 20-дан астам адам астан уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

«Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Болашақ стансасы. 8 наурыз сағ. 3:30-да «АстанаСтройимпекс» ЖШС жұмысшылары 1977 жылы туған Г. Нармышев, 1991 жылы туған М. Асқаров астан уланып (қуырылған балық тұтыну) қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне түсті», - деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Ведомстваның мәліметіне қарағанда, сағ. 21:30-да Болашақ стансасынан күдікті азық-түлік қолданған 44 жұмысшы тексерістен өткізу үшін жеткізілді, олардың 24-і аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне түсті, қалған 20-сы орталық қалалық аурухана бөлімінің кереуетіне таңылды.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив